https://sputnik.kz/20241219/esirtki-zhasyrgany-ushin-sottalgan-mynnan-astam-adam-merziminen-buryn-turmeden-shyga-alady-49398275.html
Есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын түрмеден шыға алады
Есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын түрмеден шыға алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ішкі... 19.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-19T13:50+0500
2024-12-19T13:50+0500
2024-12-19T13:58+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенат “закладчиктердің” жазасын жеңілдететін заңды мақұлдап, президенттің қарауына жіберді. Осы заң аясында есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады.Оның айтуынша, сотталған әрбір адам өзі немесе адвокаттың көмегімен мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады. “Сот әрбіреуінің ісін жеке-жеке қарап, мерзімінен бұрын босатуға қатысты шешім қабылдайды”,-деп атап көрсетті Әділов. Қазіргі кезде республика бойынша есірткі қылмыстары бойынша 4 мыңға жуық адам сотталды. Олардың ішінде 1 220 адам есірткі жасырғаны үшін түрмеге тоғытылды.
https://sputnik.kz/20241219/zakladchikterdin-zhazasy-zhenildetiledi--zan-prezidentke-zhiberildi-49397334.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын түрмеден шыға алады
13:50 19.12.2024 (жаңартылды: 13:58 19.12.2024) АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат “закладчиктердің” жазасын жеңілдететін заңды мақұлдап, президенттің қарауына жіберді. Осы заң аясында есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады.
"Заңда есірткі жасырып қоюшылардың қылмыстық жауапкершілігі жеңілдетілді. Жаңа нормаларға сәйкес, 1000-нан астам сотталған мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар",-деді Әділов сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, сотталған әрбір адам өзі немесе адвокаттың көмегімен мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады.
“Сот әрбіреуінің ісін жеке-жеке қарап, мерзімінен бұрын босатуға қатысты шешім қабылдайды”,-деп атап көрсетті Әділов.
Қазіргі кезде республика бойынша есірткі қылмыстары бойынша 4 мыңға жуық адам сотталды. Олардың ішінде 1 220 адам есірткі жасырғаны үшін түрмеге тоғытылды.