АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Әйел адам бөтен адамның телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы ақша аударған, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер жедел іздестіру шараларының көмегімен зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделгенін анықтады. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығынан тергеуші жауап алған.
"Нәтижесінде "Каспи" мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған жас әйел анықталды. Әйел ұрлық ашылады, өзін табады деп ойламағанын мойындады", - деп хабарлады департаменттегілер.
Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.