Ауруханадағы қылмыс: Екібастұзда палатадағы көршісі зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлаған

© Sputnik / Санат ИмангалиевМобильді аударым
Мобильді аударым - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Әйел адам бөтен адамның телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы ақша аударған, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер жедел іздестіру шараларының көмегімен зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделгенін анықтады. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығынан тергеуші жауап алған.
"Нәтижесінде "Каспи" мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған жас әйел анықталды. Әйел ұрлық ашылады, өзін табады деп ойламағанын мойындады", - деп хабарлады департаменттегілер.
Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.
Ұрлық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Ұрлық жыл басынан бері 28 пайызға азайды
Жаңалықтар
0