Ұрлық жыл басынан бері 28 пайызға азайды

© Sputnik / Абзал КалиевҰрлық, иллюстративті фото
Ұрлық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Жазылу
Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде ұялы телефондар ұрлығы 31,2%-ға төмендеді
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 11 айда ұрлық 28,1%-ға 40 458-ден 29 089-ға дейін азайды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметіне сәйкес ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727) ең азы Маңғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).
"Ұялы телефондар ұрлығы 31,2%-ға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Бұл ретте ұялы телефондар ұрлығының ең көбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54", - деп жазылған хабарламада.
Автокөлік ұрлығы 46,1%-ға 256-дан 138-ге дейін төмендегені байқалып отыр. Пәтер ұрлығы да 33,7%-ға 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендепті.
Сондай-ақ мал ұрлығы 30,3%-ға 1 432-ден 998-ге дейін азайған. Мал ұрлығы фактілерінің ең көбі Алматы – 194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97 облыстарында тіркелген.
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Мешітте ұрлық жасаған жігіт төрт жылға сотталды
Жаңалықтар
0