АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. НАТО Украинада соғыс өртін үрлеуді тоқтатса, бұл қақтығысты адамзат үшін шығынсыз аяқтауға болады. Бұл туралы РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Al Arabiya телеарнасына сұхбат берген Медведев ядролық қаруды қолдануға қатысты сұраққа да жауап берді.
"НАТО жерге түсіп, Украинада соғыс өртін үрлеуді тоқтатса, бұл қақтығысты адамзат үшін шығынсыз аяқтауға болады", - деді Медведев.
Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру туралы Киевтің ықтимал шешіміне қатысты өз ойын айтқан.