https://sputnik.kz/20241006/medvedev-urysty-belarus-zherinde-zhalgastyru-turaly-malimdemege-pikir-bildirdi-47630072.html
Медведев ұрысты Беларусь жерінде жалғастыру туралы мәлімдемеге жауап қатты
Медведев ұрысты Беларусь жерінде жалғастыру туралы мәлімдемеге жауап қатты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру туралы Киевтің ықтимал шешімі Минскке тактикалық ядролық қаруды қолдану үшін Мәскеуге... 06.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-06T15:30+0500
2024-10-06T15:30+0500
2024-10-06T15:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/04/26531218_0:0:2985:1680_1920x0_80_0_0_8b8818e6ab5dc9db767c823327190ddd.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру туралы Киевтің ықтимал шешімі Минскке тактикалық ядролық қаруды қолдану үшін Мәскеуге жүгінуге мүмкіндік береді. Ал Ресейге беларусь басшылығынан бас тарту қиын болады, деп есептейді РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев. Бұл туралы ол Telegram каналында жазды.Бұған дейін Украинаның "Слуга народа" партиясының депутаты Олег Дунда ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру қажет деп мәлімдеген болатын. Оның сөзі бірқатар украиналық БАҚ-та тарады.Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағына шабуыл жасалған жағдайда агрессорға бірден жауап берілетінін атап өтті.Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин наурызда Мәскеу мен Минск Беларусьте тактикалық ядролық қаруды орналастыруға келіскенін мәлімдеген болатын. Маусым айында ол Беларусь-Ресей жоспарына сәйкес Беларусь аумағына алғашқы ядролық зарядтар жеткізілгенін және жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/04/26531218_59:0:2790:2048_1920x0_80_0_0_e911f1ab31c52f64791c9f23f952ed53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Медведев ұрысты Беларусь жерінде жалғастыру туралы мәлімдемеге жауап қатты
15:30 06.10.2024 (жаңартылды: 15:53 06.10.2024) АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру туралы Киевтің ықтимал шешімі Минскке тактикалық ядролық қаруды қолдану үшін Мәскеуге жүгінуге мүмкіндік береді. Ал Ресейге беларусь басшылығынан бас тарту қиын болады, деп есептейді РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев. Бұл туралы ол Telegram каналында жазды.
Бұған дейін Украинаның "Слуга народа" партиясының депутаты Олег Дунда ұрыс қимылдарын Беларусь аумағына көшіру қажет деп мәлімдеген болатын. Оның сөзі бірқатар украиналық БАҚ-та тарады.
"Дунда деген біреу соғысты Беларуське көшіруді ұсыныпты. Онда Александр Григорьевичке Беларусьте орналасқан тактикалық ядролық қаруды қолдану үшін Ресейге жүгінуге толық негіз болады. Ал Ресей одан бас тартпас еді", - деп жазды Медведев.
Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағына шабуыл жасалған жағдайда агрессорға бірден жауап берілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин наурызда Мәскеу мен Минск Беларусьте тактикалық ядролық қаруды орналастыруға келіскенін мәлімдеген болатын. Маусым айында ол Беларусь-Ресей жоспарына сәйкес Беларусь аумағына алғашқы ядролық зарядтар жеткізілгенін және жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалатынын мәлімдеді.