https://sputnik.kz/20241121/qytay-ukraina-dagdarysyn-sayasi-zholmen-sheshuge-shaqyrady-48698604.html
Қытай Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге шақырады
Қытай Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге шақырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Украинада бейбітшілік орнатуға ұмтылған көп дауысты біріктіріп, дағдарысты саяси жолмен шешуге жол ашу қажет, деді Қытай төрағасы... 21.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-21T11:00+0500
2024-11-21T11:00+0500
2024-11-21T11:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қытай
украина
https://sputnik.kz/img/1021/02/10210225_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_0b61dd6a4b85570d51c31d40b7bbba48.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Украинада бейбітшілік орнатуға ұмтылған көп дауысты біріктіріп, дағдарысты саяси жолмен шешуге жол ашу қажет, деді Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силвамен келіссөз қорытындысы бойынша журналистермен кездесуінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Ол "бейбітшілікке ұмтылған дауыстарды көбірек біріктіріп, Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге жол ашуымыз керек" деп айтты.Қытай мен Бразилия осы жылдың мамыр айында Украина дағдарысын саяси жолмен шешу туралы алты пункттен тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, 100-ден астам қолдау алған.Құжат, біріншіден, барлық қатысушы тараптарды жағдайды деэскалациялаудың үш принципін, атап айтқанда: ұрыс алаңын кеңейтпеу, соғыс қимылдарын өршітпеу және арандату әрекеттерін жасамауға шақырады. Екіншіден, құжатта диалог пен келіссөздер Украина дағдарысын шешудің бірден-бір жолы екені баса айтылған. Үшіншіден, құжатта тиісті аймақтарға гуманитарлық көмек көлемін ұлғайту және гуманитарлық дағдарыстың кеңеюіне жол бермеу, бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасау жол бермеу айтылған. Қытай мен Бразилия да қақтығыс тараптары арасында әскери тұтқындарды алмасуды қолдады.Төртінші тармақ жаппай қырып-жоятын қаруды қолдануға жол берілмейтіндігін және ядролық дағдарыстың туындауына жол беруге болмайтынын көрсетеді. Бесінші тармақта Қытай мен Бразилия атом электр станциялары мен басқа да бейбіт ядролық нысандарға шабуыл жасауға қарсы болды. Алтыншы тармақта тараптар әлемді жабық саяси немесе экономикалық топтарға бөлуге қарсы тұруға шақырды.
https://sputnik.kz/20241119/ukraina-resey-aumagyna-soqqy-zhasay-alady-makron-aqsh-tyn-sheshimin-quptady-48634883.html
қытай
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/02/10210225_228:0:2957:2047_1920x0_80_0_0_6256a3f3aec4226b21b522c68b57437e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, украина
Қытай Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге шақырады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Украинада бейбітшілік орнатуға ұмтылған көп дауысты біріктіріп, дағдарысты саяси жолмен шешуге жол ашу қажет, деді Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силвамен келіссөз қорытындысы бойынша журналистермен кездесуінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Қытай мен Бразилия Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты "алты пункттен тұратын консенсусты" бірлесіп әзірледі, сондай-ақ Жаһандық оңтүстіктегі тиісті елдермен бірге Украина дағдарысы бойынша "Бейбітшілік достары" тобын құрды", - деді Си Цзиньпин.
Ол "бейбітшілікке ұмтылған дауыстарды көбірек біріктіріп, Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге жол ашуымыз керек" деп айтты.
Қытай мен Бразилия осы жылдың мамыр айында Украина дағдарысын саяси жолмен шешу туралы алты пункттен тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, 100-ден астам қолдау алған.
Құжат, біріншіден, барлық қатысушы тараптарды жағдайды деэскалациялаудың үш принципін, атап айтқанда: ұрыс алаңын кеңейтпеу, соғыс қимылдарын өршітпеу және арандату әрекеттерін жасамауға шақырады. Екіншіден, құжатта диалог пен келіссөздер Украина дағдарысын шешудің бірден-бір жолы екені баса айтылған. Үшіншіден, құжатта тиісті аймақтарға гуманитарлық көмек көлемін ұлғайту және гуманитарлық дағдарыстың кеңеюіне жол бермеу, бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасау жол бермеу айтылған. Қытай мен Бразилия да қақтығыс тараптары арасында әскери тұтқындарды алмасуды қолдады.
Төртінші тармақ жаппай қырып-жоятын қаруды қолдануға жол берілмейтіндігін және ядролық дағдарыстың туындауына жол беруге болмайтынын көрсетеді. Бесінші тармақта Қытай мен Бразилия атом электр станциялары мен басқа да бейбіт ядролық нысандарға шабуыл жасауға қарсы болды. Алтыншы тармақта тараптар әлемді жабық саяси немесе экономикалық топтарға бөлуге қарсы тұруға шақырды.