АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы 3 күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Ел бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта қар түседі.
Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін төмендейді.