АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен бірге жауын-шашын болып, жаңбыр мен қар түрінде жауады. Кейбір өңірде көктайғақ болады.
Сонымен қатар республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтілуде. Тек 21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа райын болжанады.
Қазақстан бойынша ел аумағында тұман мен екпінді жел күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.