Тұман, жел, көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

© Sputnik / Санат ИмангалиевСнег в Астане
Снег в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен бірге жауын-шашын болып, жаңбыр мен қар түрінде жауады. Кейбір өңірде көктайғақ болады.
Сонымен қатар республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтілуде. Тек 21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа райын болжанады.
Қазақстан бойынша ел аумағында тұман мен екпінді жел күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады
Жаңалықтар
0