Ақмола облысында жас жігітті өлтіріп кетті

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Ақмола облысында төбелес кезінде 22 жастағы жігіт көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Трагедия көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ жанжалға қатысқан басқа да адамдар анықталып, ұсталды. 6 адамға бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды