Ақмола облысында жас жігітті өлтіріп кетті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2024
Жазылу
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Ақмола облысында төбелес кезінде 22 жастағы жігіт көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Трагедия көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ жанжалға қатысқан басқа да адамдар анықталып, ұсталды. 6 адамға бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды
Жаңалықтар
0