https://sputnik.kz/20231122/aqtobede-tungi-klubta-eki-zhigitti-uryp-oltirgen-kuzetshiler-sottaldy-40336343.html
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды
Sputnik Қазақстан
Олардың екеуі ұзақ мерзімге – 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T07:40+0500
2023-11-22T07:40+0500
2023-11-22T08:06+0500
күзетші
сот үкімі
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Ақтөбеде түнгі клубтағы төбелес кезінде екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілерге үкім шықты. Жұдырығы жуан жігіттер енді ұзақ мерзім түрмеде отырады, деп хабарлады КТК.Үкімді тыңдауға келгендер көп болды. Сотталушы жігіттердің жақындары сот залына сыймай, кейбіреуі дәлізде отырып тыңдады. Сот басталмай тұрып, қамауда отырғандар қолындағы кісенді шешуді талап етіп шу шығарды. Адамның көптігінен қауіпсіздік үшін арнайы жасақ сарбаздары тартылған.Түнгі клубтағы қанды оқиға осыдан бір жыл бұрын болған еді. Темір ауданынан Ақтөбеге жарысқа келген төрт жігіт ойын-сауық кешенінде күзетшілермен сөзге келіп төбелеседі. Он жігіт оларды жабылып ұрып есінен тандырады. Онымен қоймай, 31 жастағы Амандық Күшкінбаев пен 27 жастағы Серік Төлеуовті пышақтап өлтіреді.Мәйіттерді екі көлікке тиеп өзен жағасына лақтырып кеткен. Осы қылмыс бойынша адам өлтіргені үшін екі сотталушы 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы алты жігіт бұзақылық бабы мен қылмысты тиісті органдарға хабарламағаны үшін 4 жыл, қалған алтауы екі жарым жыл түрмеде отыратын болды.Тек 17 жастағы жасөсіпірім сот залынан босатылды. Ол бір жыл бойы тәртіп сақшыларының бақылауында болады."Мұхамеджановқа қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатқа өзгертілсін. Мұхамеджанов сот залынан дереу қамаудан босатылсын", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күзетші, сот үкімі, ақтөбе
күзетші, сот үкімі, ақтөбе
Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды
07:40 22.11.2023 (жаңартылды: 08:06 22.11.2023) Олардың екеуі ұзақ мерзімге – 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Ақтөбеде түнгі клубтағы төбелес кезінде екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілерге үкім шықты. Жұдырығы жуан жігіттер енді ұзақ мерзім түрмеде отырады, деп хабарлады
КТК. Үкімді тыңдауға келгендер көп болды. Сотталушы жігіттердің жақындары сот залына сыймай, кейбіреуі дәлізде отырып тыңдады. Сот басталмай тұрып, қамауда отырғандар қолындағы кісенді шешуді талап етіп шу шығарды. Адамның көптігінен қауіпсіздік үшін арнайы жасақ сарбаздары тартылған.
Түнгі клубтағы қанды оқиға осыдан бір жыл бұрын болған еді. Темір ауданынан Ақтөбеге жарысқа келген төрт жігіт ойын-сауық кешенінде күзетшілермен сөзге келіп төбелеседі. Он жігіт оларды жабылып ұрып есінен тандырады. Онымен қоймай, 31 жастағы Амандық Күшкінбаев пен 27 жастағы Серік Төлеуовті пышақтап өлтіреді.
Мәйіттерді екі көлікке тиеп өзен жағасына лақтырып кеткен. Осы қылмыс бойынша адам өлтіргені үшін екі сотталушы 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы алты жігіт бұзақылық бабы мен қылмысты тиісті органдарға хабарламағаны үшін 4 жыл, қалған алтауы екі жарым жыл түрмеде отыратын болды.
Тек 17 жастағы жасөсіпірім сот залынан босатылды. Ол бір жыл бойы тәртіп сақшыларының бақылауында болады.
"Мұхамеджановқа қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатқа өзгертілсін. Мұхамеджанов сот залынан дереу қамаудан босатылсын", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев.