АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда биыл тоғыз айда 304,4 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалған. Бұл 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,7%-ке артық, деп хабарлады Finprom.kz.
Жеке үйлерге 68,4 мың мәміле, көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған.
Өңірлер арасында Алматы (59,7 мың мәміле) және Астана (53,1 мың мәміле), сондай-ақ Қарағанды облысы (24,1 мың мәміле) көш бастап тұр.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында (плюс 40,5%), Алматыда (плюс 28,5%) және Шымкентте (плюс 23,8%) тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері ең көп тіркелді.
Өкінішке қарай қандай пәтерлер мен үйлер сатылып, сатып алынғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда халық жаңа пәтерді жиі сатып алады, өйткені ипотека рәсімдеу оңай.