Тұрғын үй саудасы 13%-ке артты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Жазылу
Халық жаңа пәтерді жиі сатып алады, өйткені ипотека рәсімдеу оңай
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда биыл тоғыз айда 304,4 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалған. Бұл 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,7%-ке артық, деп хабарлады Finprom.kz.
Жеке үйлерге 68,4 мың мәміле, көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған.
Өңірлер арасында Алматы (59,7 мың мәміле) және Астана (53,1 мың мәміле), сондай-ақ Қарағанды облысы (24,1 мың мәміле) көш бастап тұр.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында (плюс 40,5%), Алматыда (плюс 28,5%) және Шымкентте (плюс 23,8%) тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері ең көп тіркелді.
Өкінішке қарай қандай пәтерлер мен үйлер сатылып, сатып алынғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда халық жаңа пәтерді жиі сатып алады, өйткені ипотека рәсімдеу оңай.
Отбасы банк. Вывеска - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Баспана кезегі Отбасы банкіне беріледі – негізгі өзгерістер
Жаңалықтар
0