АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан пен Ресейдің президенттері Уфадағы өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрімен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық форумын Башқұртстанның астанасы – Уфа қаласында өткізу жоспарланып отыр.
"Оған екі елдің лидерлері бейнебайланыс арқылы қатысып, өңірлердің өкілдеріне өз сәлемін жолдайды деп ойлаймыз", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесуінде.
Мерейтойлық форум 27 қарашада өтеді. Дәл сол күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Айта кетері, Лавров Астанада жұмыс сапарымен жүр. Бүгін онымен премьер-министрдің орынбасары-сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті. Олар екі жақты қарым-қатынастар, соның ішінде экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңінен талқыланды. Саяси мәселелер қозғалды. Министрлер халықаралық және аймақтық жағдайға да мән беріп, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мен ШЫҰ сияқты интеграциялық бірлестіктер аясында жұмысты үйлестіру жайын талқыға салды.