Путин Қазақстанға 27 қарашада келеді
12:03 07.11.2024 (жаңартылды: 12:10 07.11.2024)
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана На пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России также выступили Президент Российской Федерации Владимир Путин
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесей мен Қазақстан сыртқы істер министрлері Лавров пен Нұртілеудің кездесуі
Ресей мен Қазақстан сыртқы істер министрлері Лавров пен Нұртілеудің кездесуі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Кездесу кезінде тараптар екі жақты қарым-қатынастар, соның ішінде экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңінен талқыланды. Саяси мәселелер қозғалды. Министрлер халықаралық және аймақтық жағдайға да мән беріп, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мен ШЫҰ сияқты интеграциялық бірлестіктер аясында жұмысты үйлестіру жайын талқыға салды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Биыл біз сегізінші рет кездесіп отырмыз. Осының өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін көрсетіп отыр. Бүгінде екі жақты байланыстарымыз барлық бағытта дамып жатыр. Оған мемлекет басшыларымыздың дәстүрлі әрі жиі өтетін кездесулері әсер етіп отыр. Ресей Федерациясы президентінің 27 қарашадағы мемлекеттік сапары әріптестік байланыстарымызды нығайту тұрғысынан өте маңызды болмақ ”,-деді Нұртілеу.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ондаған құжатқа қол қойылатынын айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп жатыр
© Sputnik / Санат Имангалиев
Сыртқы істер министрлері осы сапарға дайындық жайын да пысықтап шықты. Ал кездесудің соңында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі арасында ынтымақтастық бойынша 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары рәсімделеді.