Тоқаев пен Путин Уфамен бейнебайланысқа шығады

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым
Президент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Жазылу
Уфада Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық форумы өтетін күні Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан пен Ресейдің президенттері Уфадағы өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрімен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық форумын Башқұртстанның астанасы – Уфа қаласында өткізу жоспарланып отыр.
"Оған екі елдің лидерлері бейнебайланыс арқылы қатысып, өңірлердің өкілдеріне өз сәлемін жолдайды деп ойлаймыз", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесуінде.
Мерейтойлық форум 27 қарашада өтеді. Дәл сол күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Айта кетері, Лавров Астанада жұмыс сапарымен жүр. Бүгін онымен премьер-министрдің орынбасары-сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті. Олар екі жақты қарым-қатынастар, соның ішінде экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңінен талқыланды. Саяси мәселелер қозғалды. Министрлер халықаралық және аймақтық жағдайға да мән беріп, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мен ШЫҰ сияқты интеграциялық бірлестіктер аясында жұмысты үйлестіру жайын талқыға салды.
 На пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России также выступили Президент Российской Федерации Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Путин Қазақстанға 27 қарашада келеді
Жаңалықтар
0