Франция президенті тағы да қазақ тілінде жазба жариялады

Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Франция президенті Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық туралы жазба жариялады.
“Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз”, - деп жазды Эммануэль Макрон “Х” әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Макрон Қазақстанға сапарынан кейін 2023 жылдың 2 қарашасында қазақ тілінде жариялаған алғашқы жазбасында жаңа әлемде перспективаларды бірге құра алатын серіктестер мен достарға сене білу өте маңызды екенін айтып, Қазақстан мен Франция осындай елдер қатарына кіретінін мәлімдеген.
Еске салайық, 4 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Францияға барды.
Тоқаев: Елімізде француз капиталы бар 200-ден астам компания жұмыс істеп жатыр