https://sputnik.kz/20241105/toqaev-qazaqstanda-frantsuz-kapitaly-bar-200-den-astam-kompaniya-zhumys-istep-zhatyr-48309939.html
Тоқаев: Елімізде француз капиталы бар 200-ден астам компания жұмыс істеп жатыр
Тоқаев: Елімізде француз капиталы бар 200-ден астам компания жұмыс істеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады... 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T18:33+0500
2024-11-05T18:33+0500
2024-11-05T18:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
франция
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48309052_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_961599d1d960839407e0808f55690281.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің былтыр Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер қазақ-француз байланысын жан-жақты тереңдетуге зор серпін бергеніне назар аударды.Қазақстан президенті мәдени-гуманитарлық байланыстар, соның ішінде білім беру, ғылым, медицина және тарих салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ әлемге әйгілі Гиме мұражайында ашылған Қазақстаның ұлттық өнеріне арналған көрмені айрықша ризашылықпен атап өтті.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сапардың қорытындылары қос халықтың өркендеуіне игі ықпал ететініне сенім білдірді.Ал Франция президенті қазақ-француз ынтымақтастығының дамуына тың серпін беретін келіссөздердің маңызына тоқталды.Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, климат, цифрлық даму және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мән берілді.
https://sputnik.kz/20241105/parizhde-qazaqstan-men-frantsiyanyn-memlekettik-anurandary-shyrqaldy-48305964.html
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/05/48309052_110:0:1171:796_1920x0_80_0_0_2561449bd533ebefc106c3c6f81abf77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, франция
қасым-жомарт тоқаев, франция
Тоқаев: Елімізде француз капиталы бар 200-ден астам компания жұмыс істеп жатыр
18:33 05.11.2024 (жаңартылды: 18:48 05.11.2024) АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің былтыр Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер қазақ-француз байланысын жан-жақты тереңдетуге зор серпін бергеніне назар аударды.
"Франция – біздің аса ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Сіздің еліңіз Қазақстан экономикасына мол инвестиция салып отырған жетекші елдердің қатарында. Бүгінде Қазақстанда француз капиталы бар 200-ден астам компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге ынталы француз бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті мәдени-гуманитарлық байланыстар, соның ішінде білім беру, ғылым, медицина және тарих салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ әлемге әйгілі Гиме мұражайында ашылған Қазақстаның ұлттық өнеріне арналған көрмені айрықша ризашылықпен атап өтті.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сапардың қорытындылары қос халықтың өркендеуіне игі ықпал ететініне сенім білдірді.
Ал Франция президенті қазақ-француз ынтымақтастығының дамуына тың серпін беретін келіссөздердің маңызына тоқталды.
"Сіздің арқаңызда соңғы жылдары екі ел арасындағы серіктестік айтарлықтай нығайды", – деді Эмманюэль Макрон.
Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, климат, цифрлық даму және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мән берілді.