Макрон Астанаға сапарынан кейін қазақ тілінде пост жазды

© AFP 2024 / LUDOVIC MARINПрезидент Франции Эммануэль Макрон (в центре) и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев (справа) пожимают друг другу руки во время посещения выставки культуры и традиций Казахстана в Астане
Президент Франции Эммануэль Макрон (в центре) и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев (справа) пожимают друг другу руки во время посещения выставки культуры и традиций Казахстана в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Жазылу
Ол Қазақстан мен Францияның достығы мен серіктестігі туралы жазды
АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Эммануэль Макрон Қазақстанға сапары аяқталғаннан кейін x (Twitter) әлеуметтік желісінде қазақ тілінде жазба жариялады.
Пост Макрона на казахском языке
Пост Макрона на казахском языке - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Пост Макрона на казахском языке
"Супердержавалар қайтадан үстемдікке ұмтылатын және кейбіреулерінен болжанбайтын әрекеттерді күтуге болатын әлемде жаңа перспективаларды бірге құра алатын серіктестер мен достарға сене білу өте маңызды. Қазақстан мен Франция олардың қатарына кіреді", - деп жазды Франция президенті.
Кеше Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен тар форматта келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Францияның кеңейтілген форматтағы келіссөздеріне қатысты, сондай-ақ бірнеше нысандарды аралады.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция бірқатар құжаттарға қол қойды, соның бірі – Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық минералдар бойынша ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен декларация.
Сапар аясында екі елдің бизнес-топтарының өкілдері де бірқатар келісімдер жасады.
Жаңалықтар
0