"Үздік педагог" байқауының жеңімпаздарына 3,6 млн теңгеден сыйақы берілді

Биыл байқауға мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысты
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. "Үздік педагог" республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Еліміздің бас ұстазы әріптестерін құттықтап, жыл сайын қазақстандық ұстаздар халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл біздің оқушыларымыз әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын медаль.
"Күні кеше ғана біздің екі ұстазымыз "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды, бүгін де педагогтерімізді төрге оздырып, оларға құрмет көрсетудеміз. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздардың еліміздің игілігіне, адами капиталды қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз адал еңбектерінің мемлекет тарапынан лайықты бағаланатынын және педагог мәртебесін көтерудің жаңа кезеңін айғақтайды", - деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетері, республикалық байқау жеңімпаздары "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
Елімізде 240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды