Елімізде 240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды

© Sputnik/Ертай СарбасовШкола-гимназия города Каскелен
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Еліміздің әр өңірінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. 240-тан астам педагог оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды.
Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
"Білім саласы – болашақтың негізі, оның басты тірегі – бар күш-жігері мен білімін баланы оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздар қауымы. Әр баланың тұлғалық қалыптасуының бастауында сіздер тұрсыздар, еліміздің білімді, рухани бай ұрпағын қалыптастырып келесіздер. Ұстаздық қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен шексіз құрметімді білдіремін", - деп атап өтті министр.
Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен "Үздік педагог" атағының иегерлері болып табылатын 190 педагог-шебер марапатталды, 20 педагогке "Еңбек ардагері" медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог "Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына" және "Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатына" ие болды.
Жаңалықтар
0