"Үздік педагог" байқауының жеңімпаздарына 3,6 млн теңгеден сыйақы берілді

© Photo : Оқу-ағарту министрлігі"Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Үздік педагог байқауының жеңімпаздары марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Биыл байқауға мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысты
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. "Үздік педагог" республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Еліміздің бас ұстазы әріптестерін құттықтап, жыл сайын қазақстандық ұстаздар халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл біздің оқушыларымыз әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын медаль.
"Күні кеше ғана біздің екі ұстазымыз "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды, бүгін де педагогтерімізді төрге оздырып, оларға құрмет көрсетудеміз. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздардың еліміздің игілігіне, адами капиталды қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз адал еңбектерінің мемлекет тарапынан лайықты бағаланатынын және педагог мәртебесін көтерудің жаңа кезеңін айғақтайды", - деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетері, республикалық байқау жеңімпаздары "Үздік педагог" куәлігімен, "Үздік педагог" төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2024
Елімізде 240-тан астам педагог ведомстволық наградаларға ие болды
Жаңалықтар
0