Тәуелсіздік алғалы қанша қандас тарихи отанына оралды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Биыл жыл басынан бері 14 391 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды.
“Биыл келген қандастардың 45,8%-і Қытайдан, 39% – Өзбекстаннан, 5,9% – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,9% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден оралды” – деп жазды ведомство.
Этникалық қоныс аударушылардың 57,6%-і еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Олардың 17,9%-і - жоғары білімді, 24,4%-і - орта кәсіби білімді, 54,4%-і - жалпы орта білімді.
Қандастар еңбек күші тапшы өңірлер: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстан.
Білім
"ҰБТ-да шекті балл болмайды": қандастар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді