Білім

"ҰБТ-да шекті балл болмайды": қандастар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденты в аудитории, архивное фото
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Жазылу
Министрлік қандас талапкерлер үшін жаңадан енгізілген талаптарды жариялады
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отандастар қоры" бірлесіп шетелдегі Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсу үшін биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).
Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі сақталады.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік беріледі
Нәтижелер республикалық, мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты
Жаңалықтар
0