Тәуелсіздік алғалы қанша қандас тарихи отанына оралды

© Photo : Акимат Мангистауской областиВ Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Биыл жыл басынан бері 14 391 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралды.
“Биыл келген қандастардың 45,8%-і Қытайдан, 39% – Өзбекстаннан, 5,9% – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,9% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден оралды” – деп жазды ведомство.
Этникалық қоныс аударушылардың 57,6%-і еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Олардың 17,9%-і - жоғары білімді, 24,4%-і - орта кәсіби білімді, 54,4%-і - жалпы орта білімді.
Қандастар еңбек күші тапшы өңірлер: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстан.
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2024
Білім
"ҰБТ-да шекті балл болмайды": қандастар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді
Жаңалықтар
0