Футболдан Қазақстан құрамасы Австриядан ойсырай жеңілді

Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы бірде бір гол соқпаған жалғыз команда болып отыр
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Австриямен сырт алаңда ойнады.
Линц қаласында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Кристоф Баумгартнер (10-минут), Филипп Линхарт (53-ші), Марсель Забитцер (56-шы) және Маттиас Зайдль (79-шы) гол соқты.
Үш турдан кейін Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы әлі гол соға алмаған жалғыз команда болып отыр.
13 қазанда 1 ұпайы бар және соңғы, төртінші орында тұрған қазақстандықтар Словенияны өз алаңында қабылдайды.
Қазақстан-Словения ойыны: алматылықтар матчқа тегін автобуспен бара алады