Футболдан Қазақстан құрамасы Австриядан ойсырай жеңілді

© Photo : sports.kzСборная Казахстана по футболу
Сборная Казахстана по футболу - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Жазылу
Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы бірде бір гол соқпаған жалғыз команда болып отыр
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Австриямен сырт алаңда ойнады.
Линц қаласында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Кристоф Баумгартнер (10-минут), Филипп Линхарт (53-ші), Марсель Забитцер (56-шы) және Маттиас Зайдль (79-шы) гол соқты.
Үш турдан кейін Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы әлі гол соға алмаған жалғыз команда болып отыр.
13 қазанда 1 ұпайы бар және соңғы, төртінші орында тұрған қазақстандықтар Словенияны өз алаңында қабылдайды.
Сборная Казахстана по футболу - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Қазақстан-Словения ойыны: алматылықтар матчқа тегін автобуспен бара алады
Жаңалықтар
0