https://sputnik.kz/20241010/qazaqstan-sloveniya-oyyny-almatylyqtar-matchqa-tegin-avtobuspen-bara-alady-47744763.html
Қазақстан-Словения ойыны: алматылықтар матчқа тегін автобуспен бара алады
Қазақстан-Словения ойыны: алматылықтар матчқа тегін автобуспен бара алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 13 қазан күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында "Қазақстан–Словения" матчы... 10.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-10T21:16+0500
2024-10-10T21:16+0500
2024-10-10T21:16+0500
футбол
https://sputnik.kz/img/07e8/03/16/43117867_0:144:1080:752_1920x0_80_0_0_57d2fada0fbe58a3f88767f80922345a.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 13 қазан күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында "Қазақстан–Словения" матчы өтеді.Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерге билетті алдын ала Қазақстан футбол федерациясының ресми серіктесі Ticketon қызметінен сатып алуға және дүрлігіп, ығы-жығы болмас үшін Орталық стадионға ертерек келуге шақырды. Билет стадион кассасында сатылмайды. Орталық стадионға сағат 16:00-ден бастап кіруге болады.Сондай-ақ басқарма мәліметіне сәйкес, жолаушылар легінің артуына байланысты Орталық стадион арқылы өтетін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 автобустарының бағыты күшейтіледі. Оған қосымша 8 автобус бөлініп, тегін экспресс-маршруттар ұйымдастырылады:Автобустар сағат 16:00-де жүріп, 20:30-да кері қайтады. Орталық стадионнан шығатын автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта тұрады. Сонымен қатар, жедел маршруттардың жиналу орындары 2GIS сервисінде жазылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/16/43117867_0:43:1080:853_1920x0_80_0_0_9e11b897ef72bd60bd23e80c84da891c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол
Қазақстан-Словения ойыны: алматылықтар матчқа тегін автобуспен бара алады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. 13 қазан күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында "Қазақстан–Словения" матчы өтеді.
Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерге билетті алдын ала Қазақстан футбол федерациясының ресми серіктесі Ticketon қызметінен сатып алуға және дүрлігіп, ығы-жығы болмас үшін Орталық стадионға ертерек келуге шақырды. Билет стадион кассасында сатылмайды. Орталық стадионға сағат 16:00-ден бастап кіруге болады.
"Делдалдардан билет сатып алмаңыз. Өткізу жүйесін жақсарту үшін билетке адамның аты-жөні жазылады. Стадионға билетте жазылған адам жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі) көрсеткен соң кіргізіледі", - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ басқарма мәліметіне сәйкес, жолаушылар легінің артуына байланысты Орталық стадион арқылы өтетін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 автобустарының бағыты күшейтіледі. Оған қосымша 8 автобус бөлініп, тегін экспресс-маршруттар ұйымдастырылады:
"Шұғыла-City ТҮК аялдамасы – Орталық стадион"; "Halyk Arena аялдамасы – Орталық стадион"; "Алатау театры аялдамасы – Орталық стадион"; "Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион". Автобустар сағат 16:00-де жүріп, 20:30-да кері қайтады. Орталық стадионнан шығатын автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта тұрады. Сонымен қатар, жедел маршруттардың жиналу орындары 2GIS сервисінде жазылады.