Бокс бапкерін 37 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді

Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген бокс бапкерін 37 жыл бұрын болған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Ақбұлым ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ал тексеріс кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 1987 жылы (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі бойынша) сотты болғаны анықталды. Осыған байланысты 2024 жылы наурыз айында жұмыстан босатылған.
Жаттықтырушы спорт мектебінің үстінен арыз сотқа арыз түсіріп, жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмысқа келмеген уақытының жалақысын да өндіріп алуды және жұмысқа қайта қабылдауды талап етті.
Сотта бұрынғы материалдарды зерделеу кезінде бапкердің 1987 жылғы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылғаны, бірақ артынан қажетті қорғаныс шегі болған кезде жарақат келтіру бабына ауыстырылғаны анықталды.
"Талап қоюшы адам өлтіргені немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотталғандар санатына жатпайды және қылмыстық қудалауға тартылмаған. Сондықтан жұмыстан босату негіздері жарамсыз болып табылады. Осыған байланысты сот талап қоюды толығымен қанағаттандырып, жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды", - делінген ресми хабарламада.
Бапкер бұрынғы жұмысына қайта қабылданды. Ал оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін 781 мың теңге жалақысы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Алматы облысында бүлдіршіндерге қол көтерген жаттықтырушы жұмыстан шығарылды