https://sputnik.kz/20241001/boks-bapkerin-37-zhyl-buryn-zhasagan-qylmysy-ushin-zhumystan-shygaryp-zhiberdi-47465104.html
Бокс бапкерін 37 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді
Бокс бапкерін 37 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген бокс бапкерін 37 жыл бұрын болған... 01.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-01T14:32+0500
2024-10-01T14:32+0500
2024-10-01T14:32+0500
жамбыл облысы
бапкер
сот
https://sputnik.kz/img/595/49/5954989_0:301:1921:1381_1920x0_80_0_0_774bbd2205d17adc53b4cc516b654376.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген бокс бапкерін 37 жыл бұрын болған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғарғы сотқа сілтеме жасап.Ақбұлым ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ал тексеріс кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 1987 жылы (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі бойынша) сотты болғаны анықталды. Осыған байланысты 2024 жылы наурыз айында жұмыстан босатылған.Жаттықтырушы спорт мектебінің үстінен арыз сотқа арыз түсіріп, жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмысқа келмеген уақытының жалақысын да өндіріп алуды және жұмысқа қайта қабылдауды талап етті.Сотта бұрынғы материалдарды зерделеу кезінде бапкердің 1987 жылғы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылғаны, бірақ артынан қажетті қорғаныс шегі болған кезде жарақат келтіру бабына ауыстырылғаны анықталды.Бапкер бұрынғы жұмысына қайта қабылданды. Ал оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін 781 мың теңге жалақысы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20230605/almaty-oblysynda-buldirshinderge-qol-kotergen-zhattyqtyrushy-zhumystan-shygaryldy--35634293.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/595/49/5954989_0:43:1921:1483_1920x0_80_0_0_74698fca1295e62971f019fa22d94d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, бапкер, сот
жамбыл облысы, бапкер, сот
Бокс бапкерін 37 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тәрбиелеген бокс бапкерін 37 жыл бұрын болған қылмысы үшін жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Ақбұлым ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ал тексеріс кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 1987 жылы (Қазақ КСР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігі бойынша) сотты болғаны анықталды. Осыған байланысты 2024 жылы наурыз айында жұмыстан босатылған.
Жаттықтырушы спорт мектебінің үстінен арыз сотқа арыз түсіріп, жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмысқа келмеген уақытының жалақысын да өндіріп алуды және жұмысқа қайта қабылдауды талап етті.
Сотта бұрынғы материалдарды зерделеу кезінде бапкердің 1987 жылғы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылғаны, бірақ артынан қажетті қорғаныс шегі болған кезде жарақат келтіру бабына ауыстырылғаны анықталды.
"Талап қоюшы адам өлтіргені немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотталғандар санатына жатпайды және қылмыстық қудалауға тартылмаған. Сондықтан жұмыстан босату негіздері жарамсыз болып табылады. Осыған байланысты сот талап қоюды толығымен қанағаттандырып, жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды", - делінген ресми хабарламада.
Бапкер бұрынғы жұмысына қайта қабылданды. Ал оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін 781 мың теңге жалақысы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.