Алматы облысында бүлдіршіндерге қол көтерген жаттықтырушы жұмыстан шығарылды

каратэ
каратэ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан "Айжан" бөбекжай балабақшасында жаттықтырушы бүлдіршіндерге қол тигізді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Каратэ жаттықтырушысының әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"26 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Айжан" бөбекжай балабақшасының "Жалын" тобының тәрбиеленушісінің ата-анасынынан шағым түскен. Айтуларынша, каратэ нұсқаушысы баласын жұлқылап, ұрды деп ауызша шағымданған. Балабақшаның спорт залында орналастырылған бейне бақылауды қараған кезде каратэ нұсқаушысы жаттығу барысында балаларды қолымен нұқып, аяғымен түртіп, жұлқылағаны анықталды", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Балабақша қызметкерлеріне жиналыс болып, каратэ нұсқаушысы түсініктеме жазған. Оған педагогикалық этика нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін "қатаң сөгіс" жарияланған. Каратэ нұсқаушысы өз еркімен өтініш жазып, жұмыстан шығып кеткен.
"Балабақшаның "Жалын" тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына шағым түсірген. Қазіргі күні тергеу, тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0