Ақтауда әскери қызметшінің мәйіті табылды

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласында әскери қызметші өз үйінде асылып тұрған жерінде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтау горнизонына сілтеме жасап.
39 жастағы ер адам Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.
"28 қыркүйекте оның денесі өз үйінде табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Ал әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтып отыр.
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді