https://sputnik.kz/20240707/zhuyedegi-aqaulyq-ashimbaev-suitsid-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi-45541356.html
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 07.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-07T20:47+0500
2024-07-07T20:47+0500
2024-07-07T20:48+0500
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44652389_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_148f3e1e6903da93d1c9553c8ae10370.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде суицидтің саны азаятын емес. Сенат басшысының айтуынша, бұл проблема үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Суицид адам болмысына қайшы әрекет болып саналады. Бірақ ондай әрекеттердің саны көп.Осы орайда сенат басшысы "жүйедегі ақаулықтардың" не екенін де түсіндірді. Ол - отбасыдағы, қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі проблемалар. Бірақ суицидтер ересек адамдардың арасында да бар. Бұның барлығы әлеуметтік саясаттың кемшілігін көрсетіп отыр."Ал егде жастағы адам өз-өзіне қол салса, біз бұл қоғамды не үшін құрып жатырмыз? Онда әлеуметтік саясатымыздың маңыздылығы неде? Адам өмірге келіп, бала өсіргеннен кейін өмірді солай аяқтауы керек пе? Осы үрдіс сақтала берсе, біздің барлық механизмдеріміз жұмыс істемейді деген сөз. Сондықтан осы мәселелерді көтеру керек, кеңінен талқылап, шешу жолдарын табуымыз қажет", - деп атап көрсетті Әшімбаев.
https://sputnik.kz/20230513/oralda-politseyler-suitsid-zhasamaq-bolgan-zhasospirimdi-qutqaryp-qaldy-34855654.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44652389_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_fae40a2d3a1d47e6ad6dc473b5c44eda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәулен әшімбаев
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді
20:47 07.07.2024 (жаңартылды: 20:48 07.07.2024) АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгінде суицидтің саны азаятын емес. Сенат басшысының айтуынша, бұл проблема үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Суицид адам болмысына қайшы әрекет болып саналады. Бірақ ондай әрекеттердің саны көп.
"Әлемдік діндерде суицид ауыр күнә болып саналады. Адам өз-өзіне қол салса, жүйеде айтарлықтай ақаулықтар бар деген сөз. Ал ондай әрекеттерді саны көп болса, ақаулықтар ауқымды сипатқа ие", - деді Әшімбаев аналитика мектебінде өткен кездесуде.
Осы орайда сенат басшысы "жүйедегі ақаулықтардың" не екенін де түсіндірді. Ол - отбасыдағы, қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі проблемалар. Бірақ суицидтер ересек адамдардың арасында да бар. Бұның барлығы әлеуметтік саясаттың кемшілігін көрсетіп отыр.
"Ал егде жастағы адам өз-өзіне қол салса, біз бұл қоғамды не үшін құрып жатырмыз? Онда әлеуметтік саясатымыздың маңыздылығы неде? Адам өмірге келіп, бала өсіргеннен кейін өмірді солай аяқтауы керек пе? Осы үрдіс сақтала берсе, біздің барлық механизмдеріміз жұмыс істемейді деген сөз. Сондықтан осы мәселелерді көтеру керек, кеңінен талқылап, шешу жолдарын табуымыз қажет", - деп атап көрсетті Әшімбаев.