Оралда полицейлер суицид жасамақ болған жасөспірімді құтқарып қалды

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. 12 мамыр кешке Орал қаласының құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған 2008 жылы туған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды polisia.kz.
Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді іздеуге департаменттің барлық жеке құрамы мен оған бекітілген күштер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты.
Таңертең қыз көпқабатты үйлердің бірінің төбесінен секірмек болған жерден табылды.
Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жәдігеров пен Әділ Сақыпкереев баланы өлімге әкелетін қадамнан дер кезінде құтқарып қалды.
Қазіргі уақытта жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Тергеушілер оқиғаның себептерін анықтайды.
Терезе, бүлдіршін - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Елорда тынысы
Астанада 3-қабаттан құлап кеткен бүлдіршінді көршілері құтқарды
Жаңалықтар
0