Ақтауда әскери қызметшінің мәйіті табылды

CC0 / / Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото
Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласында әскери қызметші өз үйінде асылып тұрған жерінде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтау горнизонына сілтеме жасап.
39 жастағы ер адам Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет еткен.
"28 қыркүйекте оның денесі өз үйінде табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Ал әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтып отыр.
Подписание меморандума между Казцинк и Евразийской группой
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2024
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0