АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстау облысында уланған 98 оқушы ауруханадан үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Маңғыстау облысында зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды", - деп жазды ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген. Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Арада бір апта өткен соң тағы 16 баланың судан ұшынғаны белгілі болды.