https://sputnik.kz/20240916/mangystauda-ulangan-98-oqushy-aurukhanadan-shyqty-47139544.html
Маңғыстауда уланған 98 оқушы ауруханадан шықты
Маңғыстауда уланған 98 оқушы ауруханадан шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстау облысында уланған 98 оқушы ауруханадан үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 16.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-16T15:49+0500
2024-09-16T15:49+0500
2024-09-16T15:49+0500
маңғыстау облысы
улану
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстау облысында уланған 98 оқушы ауруханадан үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген. Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арада бір апта өткен соң тағы 16 баланың судан ұшынғаны белгілі болды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, улану
Маңғыстауда уланған 98 оқушы ауруханадан шықты
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстау облысында уланған 98 оқушы ауруханадан үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Маңғыстау облысында зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды, үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды", - деп жазды ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген. Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді. Бұл іске қатысты қылмыстық
іс қозғалды. Арада бір апта өткен соң тағы
16 баланың судан ұшынғаны белгілі болды.