Маңғыстау облысында тағы 16 бала ұшынды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2024
Жазылу
Оқушылардың денсаулығы қалыпты, бүгін барлығы мектепке барды
АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 16 оқушы судан ұшынып қалған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтты.
Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 16 оқушысы 12 қыркүйекте сағат 18:34 шамасында аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне іші ауырғанын айтып шағымданған.
"Қабылдау бөлімінде оральды регидратация және инфузионды терапия жүргізілді. Сағат 21:43 жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы қалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды", - дейді ведомство.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары мектептегі ас және ауыз судан сынама алып, экспертизаға жіберді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында астан ұшынған 92 бала ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарланған болатын.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0