https://sputnik.kz/20240910/mangystauda-oqushylardyn-zhappay-ulanuy-75-bala-ali-aurukhanada-zhatyr-46953464.html
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Бүгінгі таңда облыстық көпфункционалды балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан... 10.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-10T11:34+0500
2024-09-10T11:34+0500
2024-09-10T11:34+0500
маңғыстау облысы
улану
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Бүгінгі таңда облыстық көпфункционалды балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.Ауру анықталған 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап облыстың медициналық мекемелерінде балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.Ведомство хабарлағандай, барлық науқас антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, улану
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Бүгінгі таңда облыстық көпфункционалды балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
“Балалар үйге шығарылғанымен, дәрігерлер бақылауында болады және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ”, - деп жазылған материалда.
Ауру анықталған 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап облыстың медициналық мекемелерінде балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.
Ведомство хабарлағандай, барлық науқас антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.
Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.