АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында мемлекеттік қызметкерлер уақтылы еңбекақысын алмаған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ауданның мемлекеттік мекемесінде еңбек ететін 943 жұмысшының еңбекақысы уақытылы төленбеген.
"Ауданның мемлекеттік мекемесінде 943 қызметкерге жалпы сомасы 397 млн теңге еңбекақысы берілмеген. Бұны Зеренді ауданының прокуратурасы анықтады, прокуратура шара қабылдағаннан кейін берешек төленді", - дейді ведомство.
Қадағалау актісі бойынша қарыздар толық көлемде өтеліп, кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.