Ақмола облысында мыңға жуық жұмыскер еңбекақысын алмаған

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
Бұны Зеренді ауданының прокуратурасы анықтады
АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында мемлекеттік қызметкерлер уақтылы еңбекақысын алмаған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ауданның мемлекеттік мекемесінде еңбек ететін 943 жұмысшының еңбекақысы уақытылы төленбеген.
"Ауданның мемлекеттік мекемесінде 943 қызметкерге жалпы сомасы 397 млн теңге еңбекақысы берілмеген. Бұны Зеренді ауданының прокуратурасы анықтады, прокуратура шара қабылдағаннан кейін берешек төленді", - дейді ведомство.
Қадағалау актісі бойынша қарыздар толық көлемде өтеліп, кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Қазақстанда орташа жалақы қанша?
Жаңалықтар
0