https://sputnik.kz/20240809/qazaqstanda-ortasha-zhalaqy-qansha-46204774.html
Қазақстанда орташа жалақы қанша?
Қазақстанда орташа жалақы қанша?
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жалақы 10,3% өсті 09.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-09T18:44+0500
2024-08-09T18:44+0500
2024-08-09T18:44+0500
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың екінші тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 403 251 теңгеге жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 10,3% өсті, нақты мәндегі (инфляцияны ескергендегі) өсім – 1,7%.Бұл ретте әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (8,7%-ға), мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында (3%-ға), денсаулық сақтау саласындағы (2,7%-ға) нақты мәндегі жалақы мөлшері өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда төмен болып шықты.Өңірлік бөліністе 2024 жылдың II тоқсанында 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында – 14,3%-ға, Ақтөбе облысында – 14%-ға, Павлодар облысында – 12,9%-ға байқалды.Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы II тоқсанда 2 есе болды.Ал 2024 жылдың II тоқсанында жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 278 296 теңгені құрады.Медиана жалақысы – барлық жұмысшыны екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, "орташа" адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді.Жалақының орташа мөлшері бір қызметкер жалақысының, қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
Қазақстанда орташа жалақы қанша?
2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жалақы 10,3% өсті
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың екінші тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 403 251 теңгеге жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 10,3% өсті, нақты мәндегі (инфляцияны ескергендегі) өсім – 1,7%.
"2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақы ең көп қаржы және сақтандыру қызметі салаларында – 23,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 21,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар салаларында – 21,1% өсті", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (8,7%-ға), мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында (3%-ға), денсаулық сақтау саласындағы (2,7%-ға) нақты мәндегі жалақы мөлшері өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда төмен болып шықты.
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың II тоқсанында 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында – 14,3%-ға, Ақтөбе облысында – 14%-ға, Павлодар облысында – 12,9%-ға байқалды.
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы II тоқсанда 2 есе болды.
Ал 2024 жылдың II тоқсанында жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 278 296 теңгені құрады.
Медиана жалақысы – барлық жұмысшыны екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, "орташа" адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді.
Жалақының орташа мөлшері бір қызметкер жалақысының, қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.