АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Әлішер Ерғали Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Ерғали жұбаныш белдесуде ирандық Амирали Азарпирамен кездесті. Бірақ қарсыласын жеңе алмады. Азарпира бірнеше рет әдісін іске асыра білді. Соның арқасында ұпай санын еселеп алды. Ал Ерғали қарсыласын бір рет қана боз кілемнен шығарды. Қорытынды есеп – 6:1. Осылайша, еркін күрес палуандары Париж Олимпиадасында бірде-бір жүлде алмай, үйге қайтатын болды.
Айта кетері, Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған. Олар – Юсуп Батырмырзаев (125 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі). Үшеуі бірен жарыс жолынан шығып кетті. Ал Ерғали ширек финалға шығып ұтылды. Бірақ оны жеңген бахрейндік Ахмед Тажудинов финалға шықты. Осыдан кейін қазақстандық палуан жұбаныш белдесуге шығуға мүмкіндік алды. Одан өткен палуан қола үшін күресе алады.