Әлішер Ерғали жартылай финалға шыға алмады

© olympic.kzОлимпиада-2024
Олимпиада-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2024
Жазылу
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Әлішер Ерғали ширек финалға өткен болатын
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда Ерғали бахрейндік Ахмед Тажудиновпен кездесті. Қарсыласы бірден шабуылға шығып, бірнеше әдісін іске асырды. Ал Әлішер қарымта шабуылмен жауап берді. Екінші кезеңде қазақстандық палуан тағы төрт ұпай беріп қойды. Қорытынды есеп: 14:2. Тажудинов финалға шықса, Ерғали жұбаныш белдесуге қатыса алады.
Айта кетері, Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған. Олар – Юсуп Батырмырзаев (125 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі). Бұған дейін үшеуі жарыс жолынан шығып қалды.
Еркін күрестен Әлішер Ерғали ширек финалға өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2024
Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали алғашқы қарсыласын жеңді
Жаңалықтар
0