https://sputnik.kz/20240811/olimpiada-2024-alisher-ergali-zhubanysh-beldesude-utyldy-46220814.html
Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуде ұтылды
Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуде ұтылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған еді 11.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-11T14:45+0500
2024-08-11T14:45+0500
2024-08-11T14:48+0500
олимпиада-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0b/46220534_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c21b4067f991454c5f67449d98d40e9b.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Әлішер Ерғали Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін Ерғали жұбаныш белдесуде ирандық Амирали Азарпирамен кездесті. Бірақ қарсыласын жеңе алмады. Азарпира бірнеше рет әдісін іске асыра білді. Соның арқасында ұпай санын еселеп алды. Ал Ерғали қарсыласын бір рет қана боз кілемнен шығарды. Қорытынды есеп – 6:1. Осылайша, еркін күрес палуандары Париж Олимпиадасында бірде-бір жүлде алмай, үйге қайтатын болды.Айта кетері, Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған. Олар – Юсуп Батырмырзаев (125 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі). Үшеуі бірен жарыс жолынан шығып кетті. Ал Ерғали ширек финалға шығып ұтылды. Бірақ оны жеңген бахрейндік Ахмед Тажудинов финалға шықты. Осыдан кейін қазақстандық палуан жұбаныш белдесуге шығуға мүмкіндік алды. Одан өткен палуан қола үшін күресе алады.
https://sputnik.kz/20240810/alisher-ergali-zhartylay-finalga-shyga-almady-46212872.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0b/46220534_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_4cd65dd90ebf508154795bb0e6ba3c35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада-2024
Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуде ұтылды
14:45 11.08.2024 (жаңартылды: 14:48 11.08.2024) Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған еді
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Әлішер Ерғали Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін Ерғали жұбаныш белдесуде ирандық Амирали Азарпирамен кездесті. Бірақ қарсыласын жеңе алмады. Азарпира бірнеше рет әдісін іске асыра білді. Соның арқасында ұпай санын еселеп алды. Ал Ерғали қарсыласын бір рет қана боз кілемнен шығарды. Қорытынды есеп – 6:1. Осылайша, еркін күрес палуандары Париж Олимпиадасында бірде-бір жүлде алмай, үйге қайтатын болды.
Айта кетері, Қазақстаннан Парижге еркін күрестен төрт палуан барған. Олар – Юсуп Батырмырзаев (125 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі). Үшеуі бірен жарыс жолынан шығып кетті. Ал Ерғали ширек финалға шығып ұтылды. Бірақ оны жеңген бахрейндік Ахмед Тажудинов финалға шықты. Осыдан кейін қазақстандық палуан жұбаныш белдесуге шығуға мүмкіндік алды. Одан өткен палуан қола үшін күресе алады.