Бензин және дизель отынын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылады

Энергетика министрлігі бұйрықты "Ашық НҚА" порталында жариялады
Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартпақ.
Мерзім – 6 ай, тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты.
Бұл жағдайда:
үкіметтер шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдері;
зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық отын;
көлік құралын өндіруші зауыттар қарастырған бензин бактарындағы отынды әкетуге болады.
Бұйрық "Ашық НҚА" порталында 19 тамызға дейін талқыланады.
Павлодар мұнай-химия зауытында бір ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі