Павлодар мұнай-химия зауытында бір ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
© Photo : Пресс-служба ПНХЗГлава КМГ проверил работу Павлодарского НХЗ
© Photo : Пресс-служба ПНХЗ
Жазылу
Бір апта бұрын зауытта өнеркәсіп нысандарын қарулы шабуылдардан қорғау жөніндегі оқу-жаттығу аяқталды
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Павлодар мұнай-химия зауытында 17 маусымнан бастап бір ай бойы жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов зауыттың технологиялық кешендерімен танысып, өндірістік мәселелер бойынша жиналыс өткізді.
© Photo : Пресс-служба ПНХЗҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
ҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
© Photo : Пресс-служба ПНХЗ
2024 жылдың 5 айында ПМХЗ шамамен 2,5 млн тонна шикізатты қайта өңдеп, шамамен 730 мың тонна бензин, 807 мың тонна дизель өндірді. Битум бойынша өндіріс көлемі 130 мың тоннаны, мазут бойынша — 217 мың тоннаны, сұйытылған газ бойынша — 147 мың тоннаны, авиаотын бойынша — 113 мың тоннаны құрады. Зауыт көптеген көрсеткіш бойынша жоспарды асыра орындаған.
© Photo : Пресс-служба ПНХЗҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
ҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
© Photo : Пресс-служба ПНХЗ
Хасеновтың пікірінше ПМХЗ-ның тұрақты қызметі ішкі нарықты әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
"Қауіпсіздік техникасы талаптарының барлық нормаларын сақтай отырып, 2024 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарын бекітілген мерзімде сапалы жүргізу қажет", — деп атап өтті Асхат Хасенов.
© Photo : Пресс-служба ПНХЗҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
ҚМГ басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын тексерді
© Photo : Пресс-служба ПНХЗ
Ол жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
"Еліміздегі мол жанар-жағар май қорының қалыптасуына байланысты өңірлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге әсер етпейді", - деп жазылған хабарламада.