Бензин және дизель отынын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылады

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
Жазылу
Энергетика министрлігі бұйрықты "Ашық НҚА" порталында жариялады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартпақ.
Мерзім – 6 ай, тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты.
Бұл жағдайда:
үкіметтер шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдері;
зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық отын;
көлік құралын өндіруші зауыттар қарастырған бензин бактарындағы отынды әкетуге болады.
Бұйрық "Ашық НҚА" порталында 19 тамызға дейін талқыланады.
Глава КМГ проверил работу Павлодарского НХЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2024
Павлодар мұнай-химия зауытында бір ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Жаңалықтар
0